Пропан бензиннен екі есе арзан тұрады. Бір автомобильге есептегенде отбасының ЖЖМ жұмсайтын шығындарының жалпы үнемі 50-ден 100 мың теңгеге дейін құрайды.
Пропан — бұл жоғары октандық саны бар (100-105) және зиянды қоспалардың минималды құрамы бар жоғары сапалы автомобиль отыны. Сіздің автоңызға жағымды әсер етеді және жиі жөндеуді және бөлшектердің ауыстырылуын қажет етпейді. Сондай-ақ Сіз өз автомобиліңіздің күрделі жөндеуіне және оны ұстауға аз шығын жұмсау есебінен ақшалай қаражаттардан қосымша үнем аласыз.
Пайдаланылған газ отынының шығуының бензинді пайдаланғанға қарағанда анағұрлым улылығы аз. Барынша толық жану және газ отынындағы қоспалардың кішігірім мөлшері пайдаланылған зиянды газдардың қоршаған ортаға шығарылуын 30-50% төмендетеді.
ГБЖ пайдалануда қауіпсіз. Біз тек қана белгілі Әлемдік өндірушілердің жоғары сапалы газ баллондарын қолданамыз. Олар стандартты бензобактардан әлдеқайда берік және бірнеше қорғаныс деңгейлері бар. Апаттық соқтығысулар кезінде газ баллондары бензобактың беріктілік қорына қарағанда 10 есе көп жүктемені көтереді.
Біз тек қана жетекші әлемдік өндірушілерлің 4-інші буынды жоғары сапалы жабдықтарын қолданамыз: STAG, DIGITRONIC (Польша); LOVATO (Италия); BRC (Италия) және Atiker (Турция). Сондай-ақ, біздің жабдықты қолданған кезде автомобильдегі бөгде иістер проблемасы шешіледі.
ГБЖ орнатқаннан кейін біз Жол Полициясы органдарында тех.паспорттың қайта ресімделуіне консультативтік көмек көрсетеміз.
Біз ГБЖ орнатуды бөліп төлеуге немесе 3-тен 36 айға дейінгі мерзіммен несиеге орнату мүмкіндігін ұсынамыз.
Біз сұйылтылған газ нарығындағы ең ірі оператордан кепілдікпен ГБО сапалы орнатуды және қызмет көрсетуді жасаймыз, бұл алғашқы кезде жұмыстың қаншалықты сапалы жасалғаны туралы айту қиын болатын кіші кәсіпорындардан бізді ерекшелендіреді.
«Бейбарс-Газ»-бен жұмыс жасай отырып, сіз толық сүйемелдеу аласыз: ГБЖ білікті орнатудан бастап жабдыққа сервистік қызмет көрсетуге және сіздің автокөлігіңізге біздің АГҚС-да сапалы отын құюға дейін.
• Жеңіл автомобильге ГБЖ орнату құны 120 мың теңгеден бастап.
• Жол талғамайтын көліктерге ГБЖ орнату құны 230 мың теңгеден бастап.
15 жыл ішіндегі көп еңбекті талап ететін жұмыстан кейін бізде 10 000 астам ризашылығын білдірген клиенттер пайда болды.